Тәртіп сақшылары есірткі сақтады деген күдікпен 26 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын анықтаған, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, деп хабарлайды Egemen.kz Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған азаматты жеке тінту кезінде оның күртешесінің оң қалтасынан қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес затпен 2 қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.
Сараптама табылған заттардың жалпы салмағы 2,78 грамм болатын «кептірілген марихуана» екенін көрсетті.
Есірткі сақтағаны үшін күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 160 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.