• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Өнер 29 Наурыз, 2022

Бабадан қалған бар мұра

152 рет
көрсетілді

Түркістанда қазақ халқының құнды этнографиялық мұраларын насихаттау мақсатында «Бабадан қалған бар мұра» тақырыбында көшпелі көрме көпшілікке ұсынылды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан жасақталған 80-нен аса жәдігер қойылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ұйымдастырып отыр.

Көрме үш бөлімнен  тұрады. Қа­зақтың зергерлік бұйымдары бөлім­інде зергерлік өнер мен тарихы наси­хатталады. Қазақ зергерлері көбіне жеке-дара жұмыс істеп, өз өне­рінің қыр-сырын ұрпақтан-ұр­пақ­қа үйретіп отырған. Зергерлер жасаған бұйымдардың қата­рында әйелдерге арналған әшекей­лер көп. Сырғалардың алуан түрі, шеке­ліктер, тұмарлар, бойтұмарлар, таналар мен түймелер, әйел белдіктері, біле­зік­тер мен шашбаулар көрмеден орын алған. Ұйымдастырушылардың әңгімелеуінше, әшекейлердің бұл түрлері тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан, кез келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше түрлі әшекейлер иемденуге, тағуға тырысқан.

«Қазақтың тоқымашылық өне­рі» деп аталатын екінші бөлімде қойылған басқұрлар, желбаулар мен салма баулар, қоржындар мен киізден жасалған аяққаптар, кесеқаптар, кереге бау-таң­ғыштар көздің жауын алады. Ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат сыйлаған қолөнер туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Ал үшінші бөлімде – ағаштан ойылған ыдыс-аяқтар топтамасы.

Қазақтың қонақжайлылығымен танысқан адам дастарқандағы әрбір тағамның ежелден қалыптасқан, көш­пенділердің өмір-салтына бейім­делуіне септігін тигізгендігін түсінеді. «Қазақтың ұлттық тағам­дарының кей­біреуі арнайы уақыттарда, арнайы қонаққа арналып, арнайы ыдыс­тарда тартылады. Осыған байланыс­ты қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәр­биеге, сыйластыққа негізделген. Қазақ тұрмысында ас тартуда, қонаққа сый көрсетуде пайдаланған ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары: астаулар, табақтар, ожаулар, қымыз табақтар мен кеселер де көрмеге қойылды», дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері. Сондай-ақ көрмеде, қазақ халқының көне мәдениетін жаңғыртып жүрген танымал ағаш ою шебері Якия Әуел­бековтің қолынан шыққан туындылар кеңінен көрсетілген. Шебер өз жұмыстарын жергілікті алма, алмұрт, жаңғақ, қарағаш сынды ағаштардан жасаған. Осылайша, Наурыз мерекесі аясында киелі қала қонақтары мен ар­найы келген туристер құнды этно­­г­ра­фиялық мұралар арқылы қазақ хал­қының тарихынан мол мағлұмат алды.

 

Түркістан