• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Наурыз, 2022

Боран, күшті жел: БҚО-да республикалық жол жабылды

431 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» ЖШС мәліметі бойынша 29 наурыз күні жергілікті сағат 10.10-нан бастап республикалық маңызы бар Орал-Тасқала-РФ шекарасы (76-104 км, Тасқала ауылынан Ресей шекарасына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – боран, күшті жел, жолдың көрінбеуі. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, аталған бағытта тұрғындарға жолға шықпау керектігін ескертті.