Щучинскіде шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде спортшылар классикалық әдіспен масс-старт жарысын қорытындылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
30 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы сында Ксения Шалыгина жеңіске жетті. Күміс жүлдені Надежда Степашкина, қоланы Анна Мельник жеңіп алған.
50 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан ерлер арасындағы бәсекеде алматылық Наиль Башмаков топ жарды. Екінші орынды Владислав Ковалев, үшінші орынды Константин Борцов иеленді.