• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Наурыз, 2022

Қазақстандық триатлоншылар Азия Кубогына қатысады

189 рет
көрсетілді

Қазақстандық триатлоншылар жақын арада Непалда өтетін Азия Кубогына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта спортшылар Ыстықкөл жағалауында жаттығуда. Оқу-жаттығу жиыны 31 наурызға дейін жалғасады, содан кейін команда турнир өтетін жерге жолға шығады.

Команда құрамына Әлихан Әбусейіт (Шымкент), Надежда Бекмағанбетова (Нұрсұлтан), Даниил Зубцов (Шымкент), Кирилл Рожков (Алматы), Юлия Озерова (Алматы), Иван Тутукин (Қостанай облысы) және Екатерина Шабалина (Нұр-сұлтан) кірді.