• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 30 Наурыз, 2022

Анридің рекордын жақын арада жаңартамын – Килиан Мбаппе

815 рет
көрсетілді

Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ұлттық құрама сапында ең көп гол соққан отандасы Тьерри Анридің рекордын жуық арада жаңартуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы футболшы RMC Sport-қа берген сұхбатында мәлімдеді.

«Әлбетте, мен оның рекордын жаңалағым келеді. Мен клубтық деңгейде де, ұлттық құрама деңгейінде де үздік шабуылшы болуды мақсат тұтқанмын. Сондықтан кәсіби мансабымда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Әзірге Анридің рекордына ешкім жақындай алмады. Алайда мен ол рекордты сіздер ойлаған уақыттан бұрын жаңартамын», деді ол өз сөзінде.