• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Наурыз, 2022

Ел жаңаруының жаршысы – білімді жастар

681 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды міндеттерді жүзеге асыру жас ғалымдарға ерекше жауапкершілік жүктеп отыр.

Бүгінде елімізде, сондай-ақ шетелдерде білім алып жатқан жастар алған білімі арқылы еліміздің таяу жылдардағы дамуына серпін беретін рухани, мәдени әрі экономикалық келешегі зор әлеуетке ие.

Жастар қай салада болсын жылдамдық, цифрлы серпіліс­тер мен дәстүрлі білімді ұштас­тыра отырып, инновациялық жетістік­терді іс жүзіне асыруға дайын. Бұл бағытта болашағын шетел­дер­ден іздеп елден кетіп жат­қан жастарға көңіл бөлу, сонымен бірге алдағы екі-үш жылда жоғары білім мен техникалық кәсіп­тік білім орындарын бітіре­тін жастардың әлеуметтік ахуалына көңіл бөлу, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету уақыт күттірмейді.

Сонымен бірге білімді жас­тардың шетелдің үздік оқу орын­­дары ғана емес, өндірістік ор­та­лықтарында тәжірибеден өт­кі­зіп, осы біліктерін еліміздің да­муы­на бағыттау шаралары да ке­­шен­ді жүзеге асуға тиіс деп білемін.

Кейінгі жылдары технократ жас­тарды оқыту, тәрбиелеу мәсе­лесі жиі көтеріліп жүр. Осы орайда техникалық білім беру орындарын тәмамдайтын түлектердің жұмысқа орналасуы, олардың кәсіби тәжірибе алаңдарында біліктіліктен өтуіне назар аудару да маңызды мәселе.

Сонымен қатар еліміздегі барлық оқу орны түлектері­нің форумдарын, дискуссия алаңдарын жиі ұйым­дастырып отыру жастардың бола­шаққа деген нық әрі сенімді қадам жасауына ықпал етуге қызмет ететіні сөзсіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас­тарға үлкен үміт арта отырып, Ұлттық ғылым академиясы мен ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының белсенділігіне сеніммен қарайды.

Экономикалық, әлеуметтік сек­торда қордаланған мәселе­лердің шешімін табуы нақты іс пен кәсіби бағдарға байланыс­ты екені белгілі. Осыған орай жастардың кәсіби өсуі, білікті маман деңгейіне жетуін мақсат ететін орталықтардың жоғары оқу орындары жанында белсенді жұ­мыс істегені маңызды. Ол бел­гілі бір дәрежедегі жас маман­дарды ғана емес, креативті ойы ұш­қыр кез келген жастың тәжі­рибе алаңына айналуға тиіс деп білемін.

Отансүйгіштік, ұлттық құн­ды­лықтарды нығайту жолын­дағы мемлекеттік бағдар­ла­ма­ларды жүзеге асыруда жас­тарды шет қалдырмай, тәр­бие ошақтарының барлық деңгейін­де басты байлығымыз – Тәуел­сіздігіміздің тұғырын сақтау мен ұлттық бірегейлікті нығайту, еліміздің жаңаруына бағытталған жобаларды жүзеге асы­рудың маңызды екендігіне баулу, заманауи жетістіктерді ел да­муының келешегі жолында жүзе­ге асыру­дың маңыздылығын түсін­діру қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысты болуы қажет.

 

Тимур ӘПЕНДИЕВ,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің меңгерушісі