• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Наурыз, 2022

Ел ертеңі бүгіннен басталады

507 рет
көрсетілді

Табиғат-Ананың бусанып, дүние атаулы жаңарар мезгілде Қазақстан жаңару дәуіріне қадам басып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бағдарымызды айқындап, бақытымызды еселейтін бұл Жолдауы ұзақ мерзімді қамтыған тарихи құжат болғандығына көзіміз анық жетті.

Мемлекеттің тұтастығы мен ұлтымыздың құндылық­тарын сақтап қалу үшін мыз­ғымас бірліктің маңыз­дылығына тоқталып, кешегі қаңтар қасіретінің қатерін ой елегінен өткізе сөз сабақ­таған ел Президенті өз ұста­ны­мындағы тарихи жауап­кершіліктің салмағын айқын аңғартты. Әсіресе, қаңтар оқиғасына қатысты тергеу амал­­дарына алаңдаушылық біл­ді­ріп, биліктің тек әділетке жүгі­нетініне кепіл боларлық ой тол­ғауы сүйсіндірді. Лауа­зым­ды тұлғалардың Отан­ға опасыздық жасауына қын­жылыс білдірген Президент барлық шешім тек әділет тұрғысынан жасалатынына сендірді.

Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін жасалған тарихи байламның қай-қайсысы да жаңа дәуір, тың белестің жаршысындай болғанын халық көрді, тыңдады. Президент өкі­леттігін қысқарта отырып, Парламент ықпалын арт­тыру, сол арқылы елдегі демо­кратиялық сергектікті қамта­масыз ету жөніндегі бастамалары кімге болсын ой салар­лық. Сондай-ақ Президент­тің партия мүшесі болуын шектеу, сәйкесінше әкімдер мен оның орынбасарларының пар­тиялық қызметке аралас­пауы секілді тың бастамалары партиялық дамудың дер­бес­тігін қамтамасыз ететін негізгі фактор деп атар едім. Яғ­ни партиялар арасындағы сая­си бәсекелестікті дамы­ту, оған жоғары билік өкілі ретін­де Президенттің аралас­­пауы шын мәніндегі демо­кратиялық үрдіске сай келетін сарабдалдық.

Саяси реформалар нау­қан­шылдыққа емес, байыпты бағдарламаға негізделуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуекелге бергісіз тарихи шешімдер қабылдады. Сонымен қатар Ұлы дала Ұлытауының облыс болуы, шырайлы шығыстан Абай, жер жәннаты Жетісудан Жетісу облысының құрылуы сол төңіректегі жергілікті халықтың талай жылдардан бергі арман-тілегі болатын. Халықтың сұранысы, талап-тілегі орындалған мемлекетте ғана әділдік салтанат құрып, дамуы қарқынды болатынын осы жолғы Жолдау дәлелдеді.

Amanat партиясы Прези­денті­міздің бүгінгі Жол­дауында қамтылған міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асы­рып, шынайы түрде халық­тық партияға айналу мақсатында аянбай қызмет атқара беретін болады.

Ел Президентінің «Халық­тың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін көргім  келеді» деген тұжырымының астарында азаматтық ұстанымы да, көшбасшылық қасиеті де тұр. Сондықтан бірлікті ту етіп, Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін барша мүдделестер мен ел азаматтарын Президент бастамаларын қолдауға шақырамын!

 

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

Amanat партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты

 

ҚАРАҒАНДЫ