• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2022

ҮЕҰ іс-қимылын нығайту жоспарлануда

181 рет
көрсетілді

Осы және өзге сұрақтар жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың төрағалығымен өткен бүгінгі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында белсенді талқылау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Отырысқа мемлекеттік органдардың 35 өкілі, ҮЕҰ және сарапшылар қауымдастығының 46 өкілі қатысты. Іс-шараның негізгі спикерлері Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасы Болат Жәмішев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева болды.

Министр өзінің алғысөзінде «Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында маңызды әлеуметтік мәселелерді шешудегі үкіметтік емес сектордың рөлін және азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жүктемелеу қажеттілігін ерекше атап өтті. Осыған орай, қоғамдық диалогтың бірыңғай институционалдық моделін қалыптастыру және билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылды күшейту Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттерінің бірі саналады», деп атап өтті.

Сонымен қатар, отырыс барысында Министр мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл рәсімін жетілдірудің, Қоғамдық кеңестер құрамын сапалы жаңартудың және «Ұлттық Құрылтай» Ұлттық институтының жұмысына қоғам өкілдерін неғұрлым көбірек тарту туралы айтты.

Үйлестіру кеңесі барысында Жандос Бүркітбаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді.

Кеңестің қатысушылары тақырыпты жоспарлаудың және өңірлік деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігін бағалаудың проблемалық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Отырыстың қорытындылары Үйлестіру кеңесінің хаттамасында көрсетіліп, жұмыс үшін мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Үйлестіру кеңесінің жарқын қорытындысы ретінде, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың прогрессивті бастамаларына қолдау көрсетіп, азаматтық қоғам өкілдері атынан Ашық үндеу жариялау жөніндегі азаматтық бастамасын білдірді.