ҚР Қаржы мониторингі агенттігінде кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚМА төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аумақтық Экономикалық тергеу департаменттерінің келесі басшылары тағайындалды:
Ақжанов Данияр Мейрамұлы - Алматы қаласы; Исмағұлов Нұржан Нығметұлы - Алматы облысы; Молдабеков Айдын Қапарұлы - Шығыс Қазақстан облысы; Қанағатов Нұрлан Жолжақсынұлы - Солтүстік Қазақстан облысы.