• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Сәуір, 2022

Нақты шешімнің айқын көрінісі

334 рет
көрсетілді

Қазақстан АҚШ-тың сенімді серігі болып келеді. АҚШ игілігі үшін Қазақстанның алдағы уақытта да саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дами түсуі қашанда маңызды болып саналады.

Наурыз айында жарияланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жолдауында айтылған реформалар пакеті Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне енгізілетін жаңалықтардың кең ауқымын қамтиды.

Бұл құжатта биыл қаңтар айы­ның басында елде болған қайғы­лы оқи­ғаларға қарамастан, Қазақ­стан­­ның құрылымдық реформалар бағдар­ламасын жалғастыруға деген бұлжымас шешімі айқын көрініс тапқан. Көптеген өзгерістердің ішінде реформалардың бұл пакеті саяси партиялар құру процесін жеңілдетеді, сайланған Пар­ламентке кең өкілеттік береді және Пр­е­зи­денттің жақын туыстарын саяси ла­уазымдарға тағайындауға тыйым салады.

Жолдауда басымдық берілген мажори­тарлық-пропорционалды сайлау жүйесіне көшудің де маңызы зор. Реформалардың жаңа пакеті көп­тен күткен қадам болып табылады. Сондықтан да стратегиялық құжат Қазақ­­станның достары мен серік­тес­тері тарапынан кең қолдау табады деген сенімдемін. Қазақстанның гүл­денуі мен тұрақтылығы тек елдің өзіне ғана емес, бүкіл әлемге де пайдалы екені анық.

 

Эфган НИФТИ,

Caspian Policy Center сараптамалық орталығының атқарушы директоры (АҚШ)