• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Сәуір, 2022

Басты мақсатымыз – Жаңа Қазақстанды құру

955 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында, еліміздің саяси жүйесінің кешенді жаңғыру бағдарламасын ұсынды.

Жолдау, онда қамтылған міндеттер қоғам қажеттілігі мен сұранысына байланысты негізделгенін ерекше атап өткім келеді. Бағдарламаның бірінші бағытында Президент өкілетті­гін қыс­қарта отырып, өкілдік билік тармағын, яғни Парламент рөлін нығайту жолдары жан-жақты талданып, нақты көрсетілді.

Сайлау жүйесін жетілдіру – азамат­тардың мемлекеттің басқару ісіндегі рөлін арттыруға бағытталғандығы туралы да баяндалды. Мажоритарлық сайлау арқылы әрбір азамат Парламент, мәслихат депутаттығына сайлана алады.

Парасатты халқы бар еліміз – қуат­ты мемлекеттің негізі деген қағи­даны ұсынған Президент кешенді рефор­маның ерекшеліктері мен бағыттарына жеке-жеке тоқталды.

Халқымызды ауызбіршілік пен ақыл-сабырға шақырып, біздің негізгі мақсатымыз – Жаңа Қазақстан құру екенін атап көрсетті. Ол өз тарапынан мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негіз­делген жаңа саяси мәдениетті қалыптас­тыра­тынына сенім білдіру деген тұжырым жасады.

Жолдау еліміздің әлеуметтік әділет­тілік, бәсекеге қабілетті басымдық­тарға негізделген, дамудың жаңа қағидаттары жөніндегі іс-қимылдың кешенді стратегиясын белгіледі.

Онда көппартиялықты, саяси бәсеке­лестікті, ой-пікірдің сан-алуандылығын дамытуға ықпал ететін ауқымды міндеттер қойылды. Саяси партиялар саны көбейетіні сөзсіз. Себебі жаңа партия құру үшін, тіркеу саны 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайтылды.

Ұлттық құрылтай, Жоғарғы ауди­торлық палата, Конституциялық соттың құрылуы және жаңа үш облыстың ашылуы, халықтың қажеттілігін тез арада шешетін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту­ға бағытталған саяси реформалардың жалғасы болып саналады.

Реформаларды жүзеге асыру барысында Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 конституциялық заңға және 15-тен аса заңға өзгеріс енгізу көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Жолдаудағы міндеттерді орындау үшін жұмылуға және халқы мықты, қуатты, гүлденген Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақы­рамыз. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

 

Сұлтанбек МӘКЕЖАНОВ,

Сенат депутаты