• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Сәуір, 2022

Жаңашылдық бастауы

521 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің сая­си жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасына арналды.

Президент қаңтар оқиғасына баға беріп, «Осы күндерде жұрты­мыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», дей келе, жазық­сыз қаза болғандардың отбасыларына тағы да көңіл айтты.

Жолдауда он нақты мәселе ай­тылды, олар: Президенттің өкі­лет­тілігі, өкілді билік тармағын қай­та құру, сайлау жүйесін жетіл­діру, партиялық жүйені дамыту мүм­кіндіктерін кеңейту, сайлау үде­рісін жаңғырту, құқық қор­ғау инс­титуттарын күшейту, бұ­қа­ра­­лық ақпарат құралдарының бә­се­­кеге қабілетін арттыру және аза­мат­тық қоғам институттарының рө­лін ны­ғайту, еліміздің әкімші­лік-аумақ­­тық құрылымын жетіл­діру, жер­­гілікті өзін өзі басқаруды орталық­сыз­дандыру, дағдарысқа қарсы шаралар.

Елімізде әлеуметтік-эконо­ми­калық ба­ғыт­тағы өзгерістер, демогра­фия­лық ахуал­дың жақсаруы және халықтың талап-тілегіне жауап беру мақ­сатында Президент Абай, Ұлытау және Жетісу облыс­тарын құруды ұсынды. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек дей келе, Мемлекет басшысы Қапшағайға Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы ұсынысын жеткізді.

Бұл өзгерістер экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім екенін айта келе, «Жаңадан құрылатын облыстар­дың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұлан­-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», деді.

Мемлекет басшысы Қазақ­станды дамытудың саяси моделін өзгерту үшін, ең алдымен, бас­қарудың суперпрезиденттік үлгісінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу туралы айтып, Парламенттің рөлін күшейту арқылы Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыру үшін «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алу қажеттігін баса айтты.

Әрі қарай азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән беру қажеттігін, бұл ретте олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізу, ықпалын барынша кү­шейту үшін облыс әкімдерін та­ғайындау тәртібін өзгерту қа­жет­тігін атап өтті. Сондай-ақ Пре­зи­дент «мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақ­сартуға әсер ете алады», деді.

Сайлау жүйесін жетілдіруге қа­тыс­ты Парламент палата­ла­рын­дағы квота санына өзге­ріс ен­гізу және Мәжілістің депу­тат­тық кор­пусының 70 пайызын про­пор­цио­налдық, 30 пайызын мажо­ри­тар­лық тәсілмен жасақтауды, ара­л­ас сайлау үлгісін облыстар мен рес­пуб­ликалық маңызы бар қала­лар­дағы мәслихаттар сайлауы­на да енг­ізуді ұсынды. Бұл қадам – пар­тиялардың Мәжіліс пен мәс­ли­хатқа өту шегін төмендету үшін осы­ған дейін қабылдан­ған ше­шім­нің заңды жалғасы дей ке­ле, про­­пор­ционалды-мажоритарлы үл­­гі­­де сайлаушылардың мүддесі ұлт­тық және өңірлік деңгейде толық көрініс табатынына сенім білдірді.

Мәслихаттарға қатысты келесі жаңашылдық ретінде саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс екендігін айтып, мәслихаттардың өкілеттігін нақ­ты белгілеуге тапсырма берді. Бұл жа­ңа­­шылдықтардың бәрі парламенттік мәдениеті жоғары және ықпалды халық қалаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдаудың соңында «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін» деп, Қазақстан халқына сенім артты.

 

Мира БАЛТЫМОВА,

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты

 

АҚТӨБЕ