• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Сәуір, 2022

Жасампаздыққа жол сілтейді

161 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын бірнеше мәрте тыңдадым. Өз ойымды достарыммен, әріптестеріммен бөлісіп, талқыладық. Бір ғажабы, бәрінің де пікірі оң болды.

Демократия, либерализм, ашық ақпарат кеңістігі, барлық құжаттарды талқылау, облыстардың жандануы, соны сипаттағы Жаңа Қазақстанның бағыты құптарлық. Бұл бүгінгі заманды ғана емес, еліміздің ертеңін ойлаудан туған ұмтылыс деп есептесек, қателеспес едік. Бұл міндет баршамызға зор жауап­кершілік жүктейді. Ел болашағы қашан­да жастардың қаншалықты білімді, тәр­биелі болуына байланысты. Біз осы орайда ұр­пақ ұлағатына, тәлімі мен тәрбиесіне, білімі мен білігіне айрықша назар аударуымыз керек.

Жаңа Жолдаудың мән-маңызы айрықша екенін жан жүрегімізбен жете сезініп отырмыз. Әр сөздің астарындағы терең мазмұнды ақыл таразысына салып зерделесеңіз, міндет жүгі айқындала түсер еді. Ең алдымен бекем бірлікке назар аудару керек. Сүттей ұйыған бірлік болса ғана береке үйіріледі. Күні кешегі қаралы қаңтар оқиғасында ел тұ­тас­тығына сызат түсе жаздаған уақытта еге­мен­дігімізді сақтап қалған құдірет – ел Пре­зи­дентінің жанына топтасқан бірлік дер едім.

Мен Ақмола өңірінде қызмет ететіндіктен өлкеміздегі бар жұмыстың өрге басуына мүд­делімін. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесін нығайту, яғни азаматтарды өз айма­ғын басқаруға тарту, қызықтыру, өзекті мәсе­­лелерді жылдам шешу арқылы облыс пен қаланың қарқынды дамуына қол жет­кізуге болады деп есептеймін. Сондай-ақ қоғам­дағы зорлық-зомбылықты азайту шараларын және әйелдер мен балаларға қатысты жазаны қатайту қажеттігін атап өтпеске болмайды.

 

Жайлагүл САҒЫНДЫҚОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры