Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы жоспарлардың, ауқымды міндеттердің легін айқындап, нақтылап берді. Онымен қоса, елімізде үш бірдей облыстың ашылатыны сүйіншіленді. Бұл бастамалар ел-жұрт тарапынан кеңінен қолдау тапты.
Президент өзінің Жолдауында бұрын халықтың көкейінде жүрген мәселелерді мемлекеттік деңгейде орынды көтерді. Бұл көтерілген басымдықтардың барлығы қоғамды толғандырған көптеген сауалға нақты жауап болғаны сөзсіз.
Біз енді Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда айқындаған басым бағыттарды жай сөзбен қолдап қана қоймай, оны барша қоғам болып жүзеге асыруға күш салуымыз керек.
Жолдаудың басымдықтарын абыроймен іске асыру үшін барша отандастарымды елдікке, бірлікке және ауызбіршілікке шақырамын!
Ең басты байлығымыз – елдің тыныштығы, тұтастығы һәм амандығы! Егер біз Жаңа Қазақстанды құру идеясын өз дәрежесінде жүзеге асырып, елімізді өркендете білсек, онда «Қасіретті қаңтар» оқиғасында жазықсыз қаза тапқандардың қаны босқа төгілмеген болар еді.
Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ,
«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы