Елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру төлемін арттыру әлі жоспарланбаған. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қоғамдық көлікте жол жүру төлемін арттыру жоспарланбаған. 2014 жылдан бастап жол жүру құны 90 теңгені құрайды. 8 жыл ішінде жол жүру құны өзгермеді. Әрине, 8 жыл ішінде бәрі қымбаттады, бірақ Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі қоғамдық көлік шығындарын арттыруға және субсидиялауға жол бермейді», деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.
Сондай - ақ, компания тарифті көтеру мәселесі мәслихатта көтеруді негіздеу қажеттілігін қарастыратын үлкен жұмыс екенін және содан кейін ғана шешім қабылданатынын түсіндірді.