• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Сәуір, 2022

«Қазақстан халқына» қоры 4 баланың дәрісіне 3,7 млрд теңге төледі

142 рет
көрсетілді

«Қазақстан халқына» қоры омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Onasemnogene Abeparvovec дәрісін сатып алу үшін 3,7 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды Egemen.kz қордың сайтына сілтеме жасап.

«Омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстанда тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені қор төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды, әр науқас үшін жеке дәрілік затты өндіру үшін барлық науқастан биоматериал алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда»,- деп жазылған қордың сайтында.