Сейсенбі күні, 5 сәуірде, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған болжамын және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау; Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.