Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай-газын сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2017-2021 жылдары «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай-газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана отырып, сұйытылған мұнай-газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткен», делінген хабарламада.
«СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгеге жеткен. Ол толық көлемде қайтарылды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес озге де деректер жариялауға жатпайды.