Нұр-Сұлтан әуежайында Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушыдан алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың декларацияланбаған партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алтын бұйымдардың жалпы салмағы 34 кг-нан асты, ұсталған тауардың алдын ала сомасы 1 млрд теңгеден асады (ағымдағы бағам - 472,56/$1)», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің «аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.