• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2022

Тасқынға – тосқын

114 рет
көрсетілді

2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде былтыр іске асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды. Сондай-ақ биыл және алдағы жылдарға жоспарланған 4 іс-шара мерзімінен бұрын орындалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 9,4 шақырым өзен арналары қайта құрылып, 22,2 ша­қы­рым тазартылды. 8,2 шақырым қор­ғаныс бөгеттері салынып, 8,1 ша­қы­­рым бөгеттерде ағымдағы жөн­деу жұ­мыстары жүргізілді. Екі гидро­тех­ни­ка­лық құрылыс салынды. 4 жергілікті құ­лақтандыру жүйе­сі орнатылды. Авто­мобиль жолының астын­дағы су өткізу құбыры ауыстырыл­ды.

Бұған қоса аталған елді мекендерді су тасқынына қарсы қорғау үшін ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен іске асырылатын екі негізгі бағдарламалық құжаттар шеңберінде су тасқынына қарсы жұмыстардың орындалуына мониторинг бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекенде су басу қаупі жойылды. 385 елді мекенде қауіп азайтылды. Бүгінгі таңда су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда.

Өткен тәулікте өңірлер аумағында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 текше метр еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында 7 961 инертті материал салынған қап төселді. Батыс Қазақстан облысында 250 шаршы метр алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүр­гі­зіл­ді.

Батыс Қазақстан облысында авария­лық-құтқару жұмыстарына Маң­ғыс­тау және Атырау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 92 адам, 13 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 6 мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су басқан 53 тұрғын үйі мен Ақтөбе облысында 57 саяжай үйі бақылауда тұр. Өткен тәулікте Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланды. Олар уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелген жоқ. ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен Жақсыбай ауылынан Орал қаласына 2 жүкті әйел жеткізілді.

Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 99 тұрғын үйді, Ақтөбе облысында 57 саяжай үйін және 21 аула аумағын су басты. Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қара­ғанды, Батыс Қазақстан және Ақ­мо­ла облыстарының облыстық және жер­гі­лікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасуда.

Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО 2 229 адам, 489 бірлік техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 бірлік техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар.