• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2022

Есірткінің аса ірі партиясын сақтаған алматылық ұсталды

229 рет
көрсетілді

Алматы қаласының 39 жастағы С. есімді тұрғыны есірткінің аса ірі көлемін сақтады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлері күдіктіні Жетісу ауданында орналасқан базар маңында ұстаған.

«Тінту кезінде күдіктіден екі полиэтилен байламы табылды. Ақшыл түсті ұнтақ және түйіршік түріндегі ерекше иісі бар зат тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол есірткіні белгісіз ер адамнан сатып алған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат - героин болып шықты», деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.