• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2022

Экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азамат ұсталды

245 рет
көрсетілді

Экономикалық контрабандамен айналысқан шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған құжаттарды пайдалана отырып, «жалған транзит» схемасы бойынша Қазақстан аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелген шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұған дейін әзірленген қылмыстық жоспар бойынша қаскүнем Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз портынан Жамбыл облысына дейін Қазақстан аумағы арқылы «Әзербайжаннан Ауғанстанға» транзит деп өтірік айтып, темекі тиелген жүк көлігін жүргізген.

Алайда ол Алматы облысының аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде қылмыс үстінде ұсталды.

Сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Пайдаланылған жүк көлігі мен заңсыз әкелінген темекі мемлекет кірісіне алынды.