• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 05 Сәуір, 2022

The National Interest: Қазақстан ауқымды реформаларды жүзеге асыруға кіріседі

325 рет
көрсетілді

АҚШ-тың беделді The National Interest журналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» (Turbulence Across Eurasia Will Not Slow Kazakhstan’s Progress) атты мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақаласында қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу және өзінің басшылығымен қабылданып жатқан шаралар жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы айтады.

Аталған шаралар демократиялық өзгерістерді ілгерілетуге, ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Еуразия кеңістігінде бейбітшілікті, ашықтықты және өркендеуді сақтау жолдары туралы пікірін ортаға салады.