• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2022

Қостанай облысындағы Қабырға ауылына баратын жолды су шайды

451 рет
көрсетілді

Тасқын салдарынан Қостанай облысындағы Қабырға ауылына қатынас үзілді деп хабарлады Egemen.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Аудан орталығынан 64 шақырым қашықтағы елді мекенде 300-ге жуық тұрғын бар.

Еріген қар суы күре жолды бірнеше жерден бұзған. Кей жерде жайылып, тас жолдың үстіне шығып кеткен. Ауыл әкімінің айтуынша, тіпті ауыр техниканың өзі өте алмайды. Тасқын су алғаш рет жолды 2017 жылы бұзған. Бірақ одан кейін суағар құбырлар орнына қойылмаған, жол жөнделмеген. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай көктем сайын қайталанады. Қатынастың қашан қалпына келері белгісіз.