Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы ел халқының да, әлемдік қоғамдастықтың да көңілінен шықты деп пайымдаймын. Жылдың басты құжатын дер кезінде жариялау арқылы Президент өзінің ұстанған бағытын дәл уақытында айқындап берді. Осылайша, ол өзекті мәселелерді назарда ұстап отырғанын аңғартты.
Нақтылап айтар болсам, оның «саясаттағы монополия түрлі әлеумет кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататыны анық», деген пікірімен толық келісемін. Қасым-Жомарт Тоқаев осы сөзді айту арқылы елдегі жағдайларды реттеуге деген шын ниетін аңғартты.
Саясаткер ретінде «суперпрезиденттіктен» бас тарту және туыстары үшін заңнамалық деңгейде квазимемлекеттік сектордағы жоғары мемлекеттік лауазымдар мен басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салуы жоғары басшылықтың адалдығы мен ашықтығының жарқын мысалы болатынын атап өткім келеді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының облыстардың әкімдері мен олардың орынбасарларына өз өкілеттіктері кезеңінде әсер ететін билеуші партияға мүшелігін тоқтату туралы ұсынысы өте дұрыс шешім болды деп есептеймін.
Давид ЧИЧИНАДЗЕ,
Грузия Парламентінің депутаты,
«Трибуна» партиясының жетекшісі