Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранған.
Өрт туралы ақпарат 12:35-те түскен. Қызыл жалынмен күрестің13:03-те басталып, 17:33 ауыздықталды.
Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған.
Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеген. Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.