• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Сәуір, 2022

Жел, тұман, жауын-шашын: Синоптиктер сәуірге болжам жасады

181 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілетіні айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қар, жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік жартысында күн күркірейді, елдің оңтүстік бөлігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.

«Республиканың солтүстік жартысына батыс антициклон әсер етеді, сондықтан кезең соңында жауын-шашынсыз ауа райы болады», дейді мамандар.