• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2022

Атырауда халықаралық мұнай және газ көрмесі өтіп жатыр

541 рет
көрсетілді

Бүгін Атырауда екі жылдан кейін Солтүстік Каспий аймақтық мұнай және газ көрмесі қайта жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық көрмені өткізуге Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Kazenergy» қауымдастығы, «KazService» одағы, «Petrocouncil»  және «Қазақстан мұнай-газ геологтары» қоғамы қолдау білдірді. Оған Қазақстаннан өзге Беларусь, Нидерланды, Ресей, АҚШ және Түркия елдерінен 60-тан астам компания қатысып жатыр. Бұлардың бәрі – мұнай-газ жабдықтарын, жеке және өнеркәсіптік қорғаныс құралдарын өндірушілер, автоматика, бақылау-өлшеу аспаптары бойынша, мұнай-газ өндіру ісіне  қызмет көрсететін компаниялар.

Көрмеге Атырау облысынан 14 кәсіпорын қатысса, қазақстандық компаниялардың саны – 45. Биыл Башқұртстан Республикасы мен Ресейдегі Ярославль облысы алғаш рет ұжымдық экспозиция ұсынды.