Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетеніне сәйкес әлемде COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші екінші апта қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ұйым таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Соңғы аптада инфекция жұқтырғандар саны 16%-ға, ал қайтыс болғандар 43%-ға азайған.
28 наурыз бен 3 сәуір аралығында коронавируспен ауру әлемнің барлық аймақтарында төмендеді. Бір апта ішінде әлемде 9 миллионнан астам COVID-19 оқиғасы анықталды.
Бір аптада әлемде COVID-19 инфекциясынан 26 мыңнан астам адам қайтыс болғаны тіркелді.
Айта кетсек, індет басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 489 миллионға жуық жағдайы анықталып, соның салдарынан 6 миллионнан астам қайтыс болған.