Жеңіл салмақта IBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Марат Мәзімбаев Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота Мурата арасында IBF/IBO/WBA Super орта салмақтағы үш әлем чемпионы атағы бәске тігілетін Токиодағы жекпе-жекке санаулы күн қалды.
- Әр қарсыласқа жауапкершілікпен қарау керек, өйткені бұл бокс. Мурата да әлем чемионы, оған қоса өз еліңде бокстасады. Менің ойымша, айқас оңай болмайды. Бірақ Генаның кәсіби деңгейі жоғары, сондықтан жерлесімнің жеңісіне сенемін, - деді Марат Мәзімбаев.