• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:25

Астанада көлік өртенді: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай?

Астанада жеңіл көліктің өртенуі салдарынан зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт ересек адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға, ал бала №2 көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылған.

Дәрігерлердің бағалауынша, барлық науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қазіргі уақытта оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Оқиға елорданың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінде болған. Жол бойында тұрған жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, құтқарушылар келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Соның салдарынан өрт шығып, маңайда тұрған бірнеше көлікке де зақым келген.

Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты

Қазір мамандар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар