ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрықты дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге квоталарды белгіленген баға бойынша бөлу жоспарлануда:
Жұмсақ бидай (Triticum aestivum L. 3 класты) - операторға астық қабылдау кәсіпорындарына тіркеуші ақпараттық жүйеде астық қолхатын сатуға/сатып алуға бұйрыққа қол қою арқылы; Жұмсақ бидайдан жасалған бидай ұны – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға.Бидай мен меслинге квота 1 000 000 тоннаны, ұнға - 300 000 тоннаны құрайды.
Шектеулер 2022 жылғы 15 маусымға дейін қолданылады.
Құжат 13 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.