Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш облыстың қызметінен босатылған әкімдеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының әкімдері лауазымында атқарған қызметі үшін Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа, Гүлшара Әбдіқалықоваға алғысын білдірді», делінген хабарламада.