Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.