AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Шымкенттің медицина қызметкерлері және қала белсенділерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиынға қатысушылар талап-тілектерін айтып, өтініштерін жеткізді.
Жиында Ұлт денсаулығы – AMANAT-тың басты басымдықтарының бірі екені айтылды.
«800 мыңға жуық партия мүшелері болса мұның 75 мыңға жуық партияластарымыз әсіресе осы медицина саласының қызметкерлері. Енді 10 пайызды құрайды ғой. Сондықтан өте маңызды бізге. Біз өте мұқият қарап, өзіміздің тарапымыздан медицина саласының қызметкерлерін дәрігерлерін қолдауға тырысамыз», деп қосты AMANAT партиясының атқарушы хатшысы.