• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Сәуір, 2022

Монте-Карло мастерс турниріндегі Александр Бубликтің қарсыласы анықталды

177 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтің Монте-Карло мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Бублик алғашқы айналымда қазіргі кезде дүниежүзілік 236-орында тұрған швейцариялық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы Станислас Вавринкамен шеберлік байқасады. Өткен жылы осы ірі жарыста қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде-ақ сүрінген болатын. Биыл Монте-Карло додасы 10-17 сәуір аралығында өтеді. Онда әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович бастаған маңдайалды теннисшілер өнер көрсетеді.