• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2022

ШҚО-да тағы да жүк пойызы рельстен шығып кетті

393 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Алтай-Күмістау теміржол учаскесінде жүк тиелген 5 вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

«2022 жылғы 8 сәуірде 10 сағат 35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай - Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған.

Бір вагон «КузбассТрансЦемент» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны «Каспий Цемент» ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан», деп жазылған сайтта.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ дерегі бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Жолаушы пойыздары мен жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір учаскені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себебі анықталуда.