Сауд Арабиясы үш жылдан кейін алғаш рет шетелден келетіндерге қажылық жасауға рұқсат берді әрі сырттан келушілер санын 1 миллион адамға дейін арттырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауд баспасөз агенттігі хабарлағандай, короавирусқа қарсы екпе алған 65 жасқа дейінгі адамдарға биыл қажылық жасауға рұқсат етіледі.
Шетелдіктер үшін әмірлікке келіп жеткенге дейін 72 сағат бұрын алынған COVID-19 тестінің анықтамасы болғанда ғана жарамды.
Қажылар денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін сақтық шараларын сақтап, рәсімдер кезінде профилактикалық нұсқауларды орындау керек.