• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Сәуір, 2022

Қытайда вирус жұқтырғандар саны артты

303 рет
көрсетілді

Қытайда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 27 595 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл COVID-19 пандемиясы кезіндегі жаңа антирекорд, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары, ал дәл бір апта бұрын тіркелген деректен екі есе көп.

Қытайдың гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, 10 сәуірде ауруды жұқтырғандар арасында тек 1184 адамның қызуы көтеріліп, жөтел және әлсіздік байқалса, қалған 26 411 адам – симптомсыз ауырғандар. COVID-19 жұқтырған арасындағы тек 86-сы шетелден келгендер екен.