• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 11 Сәуір, 2022

12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамы

443 рет
көрсетілді

Синоптиктер 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оңтүстік жартысында қатты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ, елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

«Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасының ауытқуы 10-18-ден 18-26-ға дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26-ға дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометрлер 22-32-ге дейін көтеріледі», деп қосты мамандар.