Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Нұрбек Серіков Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына басшы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрбек Серіков 2012 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінде экономист болып бастады.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде және өңірлік даму, ұлттық экономика, инвестициялар және даму министрліктерінде сарапшы болып жұмыс істеген.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде коммуналдық шаруашылық департаментін басқарды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.