• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2022

Жасөспірім қараусыз қалған ғимараттан құлап кетті

424 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Қалқаман ауылында 14 жастағы жасөспірім он метрдей биіктен құлап кетті. Оның жағдайы туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Зардап шегуші отоларингологиялық бөлімшеге (профиль – жақ-бет хирургиясы) жатқызылды.

«Науқас «бас миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, ығысумен төменгі жақ сүйегінің сынуы, оң жақтағы параорбитальды гематома» диагнозымен түсті. Сонымен қатар жасөспірімде сол жақ радиустың жабық эпифизиолизі (деструкция - шамамен ред.) бар. Дененің және аяқ-қолдың көгеруі мен сыдырылуы да байқалды», делінген хабарламада.

Дәрігерлер науқасқа бірнеше ота жасатуды жоспарлап отыр.

«Бүгінде баланың жағдайы орташа ауыр. Ол қажетті ем алады, хирургиялық емдеу бірнеше кезеңде жоспарланады», дейді дәрігерлер.

Оқиға 9 сәуір күні кешке Қалқаман ауылындағы қараусыз қалған ғимараттың аумағында болған. 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала он метрдей биіктен құлап, бірнеше дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.