Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионатына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұрымды балуандар Азия чемпионатына соңғы дайындық жұмыстарын Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда пысықтайды. Күрес түрлерінен Азия чемпионаты 19 сәуір мен 24 сәуір аралығында Моңғолияда өтеді.
Айта кетерлігі құрлықтық біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды. Олар:
50 келі: Айгүл Нұрәлім;
53 келі: Жұлдыз Ешімова;
55 келі: Алтын Шағаева;
57 келі: Нилуфар Райымова;
59 келі: Диана Каюмова;
62 келі: Аяулым Қасымова;
65 келі: Дариға Әбен;
68 келі: Мадина Бақбергенова;
72 келі: Жәмила Бақбергенова;
76 келі: Гүлмарал Еркебаева.
Аяна Тоғанбек