Филиппиннің Шығыс Висайи провинциясында болған «Меги» дауылы үш адамның өмірін қиды, тағы алты адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
140 мыңға жуық адам республиканың сегіз аймағына таралған тропикалық дауылдың тұтқыны болды. Бұдан басқа 30 мыңнан астам отбасы өз үйлерінен айырылды, ал 4,5 мың адам қауіпті аймақтан эвакуацияланды.
11 сәуірде Филиппиннің шығысындағы Самар, Билиран және Лейте аралдарына қатты дауыл түсетіні хабарланды. Филиппиндік атмосфералық, геофизикалық және астрономиялық қызметтер басқармасы желдің максималды жылдамдығы 20,8 м/с, екпіні 29,1 м/с дейін болғанын хабарлады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 сәуірге дейін «Меги» дауылы қазіргі уақытта Филиппиннен тыс орналасқан «Малакас» циклонына тап болады.