• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Сенат бюросының кезекті отырысы

364 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бюро мүшелері палатаның алдағы 10 сәуірде болатын отырысының күн тәртібін қарады. Отырыста, атап айтқанда, 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына түзе­тулерді ратификациялау туралы және Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» ортақ бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қаралатын болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын (бірінші оқылымда) қарау жоспарлануда. Бюрода Мәжілісте мақұл­данған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді. Бюро мүшелері, сонымен қатар, Қазақстан Парламенті Сена­тының депутаттарын халық­аралық парламенттік ұйым­дарға және Парламент Сена­тының шет мемлекеттердің пар­ламенттерімен өңірлік ынты­мақтастық топтарына жіберу жөніндегі ұсыныстарын қарады және мақұлдады. Отырыс барысында Сенат Аппаратының басшысы Алек­сандр Судьин Аппараттың 2014 жылғы бірінші тоқсаны жұ­мы­сының қорытындылары туралы хабардар етті. Кездесу соңында Сенат Төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға – партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті.