• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Білім 11 Сәуір, 2022

Astana it University: Цифрлы білім, ғылым және технологиялар – ел игілігі үшін

1315 рет
көрсетілді

12 сәуірде республикамызда қазақ ғылымының ғана емес, әлемдік ғылымның даму тарихында есімі алтын әріптермен жазыл­ған ірі тұлға, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күні­мен тұспа-тұс келетін Ғылым қызметкерлері күнін атап өтеміз. Соны­мен қатар осыдан тура үш жыл бұрын дәл осы күні елордамыз­да елді елең еткізген мамандандырылған оқу орны – Astana IT University ашылған еді. Оқу таза ағылшын тілінде әрі жедел­детілген (әдеттегі 4 жылдың орнына 3 жылда диплом алуға мүм­кіндік беретін) форматта жүргізілетін университеттің ашылуы қазақ­стан­дық жастардың алдағы уақытта шетел аспай, туған елінде халық­аралық деңгейде жоғары білім алуына жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылған пәрменді шаралардың бірі ретінде қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жария­ланған «Халық бірлігі және жүйе­лі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқы­на Жол­дауында қазіргі заманда бә­се­ке­ге қабілеттіліктің басты фак­то­ры­ның бірі барынша цифр­ланды­­ру екеніне назар аударып: «...отан­­дық ІТ-секторды дамытып, кү­шей­те түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлт­тық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даяр­лау қажет», деген болатын. Astana IT университетінің бүгінгі аяқ алысы, жүзеге асырып отырған іс-шаралары Президент айқындаған басымдықпен толықтай үндесуде.

Астанамыздың әсем де көрікті орны – ЭКСПО аумағында орналас­қан университет алғашқы оқу жы­лын IT саласының 6 білім бағдар­ла­масы бойынша 600-ден астам сту­дентті қабылдаудан бастаса, қазіргі уақытта бакалавриат бо­йынша 11 білім бағдарламасы бо­йынша 3 мыңнан астам болашақ маман тәлім алуда. Әлемдік трендке сәйкес келетін оқу бағдарламалары мемлекеттік стандартта қаралған білік­тілікпен қатар, IT компания­ларын ашу мен бизнесті басқару бо­йын­ша заманауи орнықты кәсіп­керлік құзыреттерін жасақтайды.

Бұған қоса университет жанынан колледж ашылып, 25 оқушы ІТ саласы бойынша орта арнайы кәсіптік білім алуда. Колледж шәкірттері үшін қысқартылған біріктірілген бағдарламалар бо­йынша оқуға мүмкіндік жасалған. Бұл – түлектер кәсіби біліктілік пен дағдыларға толы сапалы біліммен еңбек нарығына шығады деген сөз.

Университетте оқыту IT компа­ния­ларының практикалық міндет­терін ескере отырып, жобалық тәсілдің озық әдістері мен технологиялары негізінде жүзеге асырылады. Бұл студенттердің әлемде қалыптасқан озық технологиялармен танысу арқылы жоғары білікті маман ретінде кез келген маңызды міндетті шешулеріне мүмкіндік берері сөзсіз.

Тағы бір жетістігіміз – 2021-2022 оқу жылынан бастап жасанды интеллект, үлкен деректер және цифрлы трансформациялану саласында кәсіби білім беруге бағытталған «Есептеу ғылымдары», «Деректерді қолданбалы талдау» және «Жобаларды басқару» білім бағ­дарламалары бойынша жас­тар магистратурада білім алуда. Бұдан басқа елімізде алғаш рет Smart city және FinTech бірлескен магистрлік бағдарламалары да­йындалды. Биыл компьютерлік ғылымдар бағдарламасы бойынша PhD докторантураға қабылдау бас­талады. Бұл – білім алушыға еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие алдыңғы қатарлы пәнаралық білім алуға мүмкіндік береді.

Болашақ мамандардың сапалы­лығы – білім алушының ІТ саласы­на бейімділігіне тікелей байланыс­ты. Сон­дықтан, жоғарыда атал­ған ма­ман­дықтардың ерекшелі­гіне бай­ланысты талапкерлер ара­сынан ағылшын тіліне же­тік, үздік, дарынды жастарды ірік­теу – оқу орнымыздың басты қағи­дасы. Осыған орай Astana IT универ­си­­тетінің болашақ студенттерін елі­­­­міздің мектеп, колледж оқу­шы­­­ларына арналған олимпиадалар, ғылыми-инновациялық жобалар байқаулары арқылы іріктеп, олар­ға ішкі гранттарды тағайындау дәстүрге айналған. Атап айтқанда, 9-12 сынып оқушыларына арналған бағдарламалау бойынша AITU iCode олимпиадасына 13 мыңнан астам оқушы, мектеп, колледж түлектеріне арналған ағылшын тілі бойынша AITU iQyn олимпиада­сына 3 мыңға жуық адам қатыс­қан. Бұдан басқа университетке оқу­ға түсу үшін талапкерлер ар­найы AITU Excellence Test қабыл­дау емтихандарын тапсырады. Сон­дай-ақ жалпы орта білім беретін мек­теп­тердің бітіруші сынып оқушылары үшін университетке түсу бойынша қолайлы жағдай жасау мақсатында Foundation бағдарламасы ашылған. Samsung корпорациясымен бірлестікте ашылған IT-мектепте 7-11 сынып оқушылары бағдарламалау тіл­дері, роботтехника, т.б. IT салалары бойынша қосымша білім алса, уни­верситетіміздің Құзыреттілік­тер және жетілдіру орталығында мем­лекеттік қызметшілер, педагогтер, бизнес өкілдері цифрлы дағды­ларын жетілдіреді.

Осылайша, Astana IT универ­ситеті қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім, ересектерге білім беру жүйелерін қамту арқылы үздіксіз білім беру тұжырымдамасын белсенді жүзеге асырып отырғанын атап өткіміз келеді.

Университет Білім және ғы­лым министрлігі және басқа да ұйым­дармен бірлесіп, студент­тер арасында бағдарламалау, кибер­қауіпсіздік және басқа да та­қы­рыптар бойынша Bilim Hackathon, AITUHackday, AITU Project Challenge, Rubik CTF сын­ды республикалық олимпиа­да­лар, хакатондар, жобалар бай­қауын ұйымдастыруда. Аталған бай­­қаулардың басты идеясы – нақты жобаларды орындау дағ­дысы мен командалық қасиет­тер­ді дамыту және болашақ мамандарымызды жұмыспен қамту. Студенттер жобамен жұмыс барысында командаға бірігіп, кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындайды. Бір сөзбен айтқанда, байқау арқылы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» анықталып, ең бастысы, жеңімпаздар өздерінің шешімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік алады және тұрақты жұмысқа орналасады. Бір ғана мысал, осы жылдың наурыз айында жүлделік қоры 3,5 млн теңгені құраған «BILIM Hackathon-2022» IT байқауы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 107 команда қатысып, Astana IT университеті студенттері жүлделі орындарды иеленді. Осы арада жоғарыда аталған байқауларды ұйымдастырумен қатар, білім алушыларды дайындап, баптаған ұстаздар қауымының да еңбегі зор екенін атап өткіміз келеді.

Қазақтың аса көрнекті ағарту­шы-педагогі Ыбырай Алтын­сариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», деген сөзі бар. Astana IT университеті үшін де профессорлық-оқытушылық құ­ра­мның жоғары біліктілігі – бас­ты басымдықтардың бірі. Оқы­ту­шылардың жартысына жуы­ғын ғылым докторы, кандидаты және PhD докторлары құраса, қалғаны – магистрлер және өндіріс маман­дары. Университетте шетел­дік про­фес­сорлармен қатар, прези­дент­тік «Болашақ» және басқа да бағ­дарламалар аясында АҚШ, Ұлы­британия, Алмания және басқа да шет мемлекеттердің озық жоғары оқу орындарын тәмамдаған ұстаздар дәріс оқиды. Олардың ішін­де рес­публика бойынша «ЖОО-ның үз­дік оқытушысы» ретін­де танылған­дары да бар. Уни­вер­ситет өз кезе­гін­де ұстаздар еңбегінің лайықты бағалануын басты назарда ұстайды. Осы орайда адами ресурстардың сапасын одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар заманауи ынталандыру тетіктері қолданылатынын айта кеткен жөн: миссиямызға сәйкес профессорлық құрамға сабақ берумен қатар, ғылыми жұмыстармен нәтижелі айналысу үшін деңгейлік жүктеме беруді көздейтін негізгі көрсеткіштер жүйесі енгізіліп, білім нарығындағы ең жоғарғы жалақы төленеді.

Ғылыми-зерттеулерге ерекше мән берудің нәтижесінде ғалым­дары­мыз соңғы бір жарым жылда компьютерлік ғылым, инженерия, математика, шешім қабылдау жөніндегі ғылым салалары бойын­ша Scopus/Web of Science база­сы­­на енетін басылымдарда ғы­лыми мақалалар жариялады. Бұл оқытушылық-профессорлық құ­рам­ның зияткерлік әлеуетінің өте жоғары екенін көрсетеді. Біздің ұжым Қазақстан ЖОО-лары арасында ең «жасы» екенін айта кеткен жөн (орта жас мөлшері – 32 жас).

Ғылым қызметкерлері күні уни­вер­ситет ғалымдары жүр­гізіп отыр­ған ғылыми-зерттеу жұмыс­тары­на қысқаша тоқталғымыз келеді. Мем­лекет басшысы жоғары­да атал­­ған Жолдауында «ғылымды да­­­мыту – аса маңызды басымдық, бі­лім беру мен ғылым саласының ал­дын­­да тұрған кезек күттірмес ау­қым­­­­­ды міндет – уақыт талабына сай бо­лу­мен қатар, әрқашан бір адым ал­да жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу екенін» атап айтқан болатын.

Astana IT университеті шетелдік ғылыми орталықтармен тығыз ын­тымақтастықта және мемлекет­тік органдар мен индустриялық әріп­тес­тердің қолдауымен өз қызметін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрақты ғылыми-инновация­лық экожүйені қалыптастыруға бағыттауда.

Университеттің білім беру ісін­де білім беру бағдарламалары құ­ры­лымының жаңа жүйесі мен оны жүзеге асыратын IFI тұжы­рым­­дамасы енгізілген. Аталған тұжырымдама үш құрамдас бөліктен – аспаптық, іргелі, индустриялық (өндірістік) бөліктерден тұрады:

- Аспаптық (Instrumental) бө­лік ақпараттық-коммуникациялық тех­но­­логиялар дағдылары мен құзы­рет­т­ерін зерделеуді, негізгі тілдер мен бастапқы еңбек қызметіне жылдам кіру үшін бағдарламалау технологияларын қамтиды. Мысалы, күрделі емес бағдарламалардың, мобильді қосымшалардың кодын жазу немесе командада шағын жобаларды орындау; 

- Іргелі (Fundamental) бөлік компью­терлік ғылымдар теориясы бо­йынша базалық және бейіндік пәндерден және ойлау логикасы абстракциясының іргелі негізі мен деңгейін қалыптастыруға және күрделі құрылымдар мен зияткер­лік жүйелерді ұсынуға арналған ақпараттық жүйелерден тұрады. Мысалы, математикалық логиканы, дискретті математиканы, алгоритм­дер мен операциялық жүйелер теориясын зерттеу білім алушыларға жаңа пәнаралық салаларда күрделі жобаларды орындауға және жасанды интеллектіні қолдану озық технологияларды құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді; 

- Индустриялық (Industrial) бө­лік қазіргі заманғы технологиялар стектерін, есептерді басқару жүйе­лерін, өндірістік компанияларда пай­даланылатын әдістемелер мен әдістерді зерделеу арқылы кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз етуге бағытталған бейінді пәндер мен барлық түрдегі тәжірибені қамтиды. Бір ерекшілік, студенттерімізге индустриялық пәндер бойынша компаниялардың тәжірибелі мамандары Spring, Python, GitLab CI, JIRA, TensorFlow, BERT және басқа да құралдарды оқытады.

Бұл ретте егер білім алушы жет­кілікті білім деңгейін көрсетсе немесе компания тарабынан кәсіби сертификатқа ие болса, аспаптық және индустриялық пәндер бойынша емтихан тапсырмай-ақ бағасын алады. Бұл тәсіл бізге нарық сұра­ныстарына икемді болуға және уни­­вер­ситеттің академиялық коми­тет­т­ерінің құрамына кіретін компа­ниялардың сарапшыларын тарту арқылы білім беру бағдарламалары мен пәндер мазмұнын жыл сайын бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, аталған IFI тәсілін елдің барлық инженерлік-тех­никалық білім беру бағдар­ламаларына қолдануға болады деп санаймыз. Өйткені ол жоғары оқу орындарының бағдарламаларын нарық талаптары мен мемлекеттік тапсырысты орындауға барынша бейімдейді.

Ал университет ғалымдарының қызметі бейінді ғылыми-иннова­ция­лық орталықтар құру, шетелдік және отандық жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми жобаларды орындау, студенттер мен оқытушылардың зерттеулерінің ғылыми нәтижелерін апробациялау үшін халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және басқаларды қамтиды.

Былтыр ашылған SMART city, Industry 4.0; «Үлкен деректер және Блокчейн технология­лар», AgroTech, EdTech ғылыми-инновациялық орталықтарының ғылыми ізденісте жүрген азамат­тың ғы­лыммен айналысуы­на есі­гі ашық, заманауи жаб­дық­­тал­­ған FabLab зертханасы елі­міз­дің ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосады. Сондай-ақ Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министр­лігімен (ЦДИАӨМ) бірлесе отырып, Ақпараттық қауіп­сіздік және Интернет заттары зерт­ханалары жабдықталмақ. Ин­но­вациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатын­да студенттік IT-кәсіпкерлік эко­жүйесінің дамуына жағдай жасауға арналған коворкинг орталық жұмыс істейді.

Аталған орталықтар халық­аралық және отандық гранттық, бағ­дарламалық-нысаналы қа­р­жы­ландыру бағдарламалары аясын­дағы конкурстарды жеңіп алып, қазіргі уақытта жалпы сомасы 600 млн теңгеден асатын ғылыми-инновациялық жобалар бойынша жұмыс жүргізуде. Аталған жобалар Н.Жәкиев, А.Мұқатаев, А.Белощицкий, Д.Лебедев, А.Нефтисов, Р.Мәди және т.б. жетекші ғалымдардың басшылығымен орындалуда. Осы арада аталған ғылыми-зерт­теу жұмыстарының барлығы күн тәр­ті­біндегі проблемалық мәсе­ле­лерді цифрлы технологиялар арқылы шешуге арналған перспективалы жобалар екенін атап өткіміз келеді. Мәселен, елордадағы көлік үйлестіру, ауаның ластануы, жылу энергиясын тиімсіз пайдалану және тұрғындардың әлеуметтік цифрлы бейнесі проблемаларын кешенді шешуге бағытталған Smart city жобасы орындалуда. Сонымен қатар университет жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жыл са­йын ішкі ғылыми жобалар конкурсын өткізіп, жеңімпаздарға 1 млн теңгеден кем болмайтын гранттар бөледі. Университетімізде жыл сайын «Интеллектуалды ақпараттық жүйелер мен технологиялар (IEEE SIST)» конференциясы өткізіледі (28-30 сәуір 2022 ж.).

Инновацияларды дамыту мақсатында ЦДИАӨМ қолдауымен Astana IT университеті базасында консорциум құрамында O-RAN технологияларын және электронды өнеркәсіпті зерттеу бойынша ресурстарды шоғырландыру мақ­са­тын­да E-Industry технологиялық құзы­ретінің салалық орталығы құрылды.

Университеттің стратегиялық бағыттарының бірі – халықаралық ынтым­ақ­тастықты дамыту. Бүгін­гі күні Италия, Бельгия, Гер­мания, АҚШ, Қытай, Оңтүс­тік Корея, Чехия, Түркия, Эсто­­ния мем­ле­кет­тері­нің IT маман­дарын даяр­лай­­тын же­тек­­ші универ­ситет­тері­мен байланыс орнатылған – академия­лық ұтқырлық бойынша студенттер­мен, оқытушылар және зерттеушілер­мен өзара алмасу, екіжақты ғылы­ми-зерттеу жобаларына қолдау көрсету іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Университеттің тағы бір ерекше бағыты – еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыру үшін кадрларды қайта даярлау, білік­тілігін арттыруға және кәсі­бін жаңа бастаушы жастар мен IT кәсіпқойларына арналған вен­дор­лардың сертификатталған маман­дандырылған курстарын ұсыну. Оқыту IT компанияларының прак­тикалық міндеттерін ескере отырып, жобалық басқарудың озық әдіс­тері мен технологиялары негі­зінде жүзеге асырылады. Бүгін­де 3 мыңға жуық адам университет жанындағы курстардан өтті.

Биыл алғашқы түлектеріміз бакалавриаттың толық курсын тәмамдап, еңбек нарығына жолдама алады. Университеттің бұдан арғы тиімді қызметі олардың түгел жұмысқа орналасу нәтижесіне байланысты болғандықтан, әрбір бітіруші студенттің пікірін ескере отырып, нақты жұмыс жүргізілуде. Аталған жұмыс, негізінен, студент­­тер өндірістік практика­дан өткен кәсіп­орындармен ты­ғыз байланыс­та, мемлекеттік орган­дар, ІТ ком­па­ниялармен жасал­ған ынты­мақ­тас­тық аясында жүргізіледі.

Университет түлектерінің тү­гел­дей жұмысқа орналасатыны­на сеніміміз мол. Өйткені уни­­вер­си­теттің заманауи инфра­құры­лы­мы, зертханалары, ұстаздар мен қыз­меткерлерге қойылған мін­дет­тер, жоғарыда аталған олимпиа­далар мен конкурстар, жобалар – білім алушылардың кәсібилігін прак­тикалық түрде шыңдауға, олар­дың бойына жұмыс беруші қойған кез келген міндетті шеше алатын дағдыларды сіңіруге арналды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Astana IT университетінің түлектері экономиканың барлық саласында жұмыс жасауға әзір екенін атап өткіміз келеді. Атап айтқанда, «Киберқауіпсіздік» ма­ман­дығы бойынша университет түлегі мемлекеттік органдарда, Ұл­т­­тық банк пен екінші деңгейдегі банк­­терде киберқылмыспен кү­ресу­ге, «Медиатехнологиялар», «Цифр­­лы журналистика» білім бағ­дар­ламалары бойынша білім ал­ған маман бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында сапалы контент да­йын­дау үшін цифрландыруды да­мы­туға әзір. Сондай-ақ уни­­вер­­си­­теттің әскери кафедра­сын­да «Ки­­бер­қауіпсіздік», «Гео­­ақ­па­рат­тық жүйелер» әс­ке­ри ма­мандық­тары бойынша даяр­лық­тан өткен за­пас­тағы офицер-маман­дар­дың құқ­ық қорғау органдары мен әскери ұйым­дарда қызмет өтеуге әлеуеті бар.

«Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дегендей, университет құрылғалы жоспарлан­ған бірқатар стратегиялық міндет орындалды. Алдағы уақытта ат­қарылуға тиіс іргелі істер де жет­кілікті: университет ұлттық және халық­аралық аренада жоғары деңгей­де бағасын алу үшін Digital University моделін іске асыру, үздік­сіз білім жүйесінде ака­де­мия­­лық үстемдікке және зерт­теу­лер мен инновациялардағы көш­­бас­­шылыққа, қаржылық тұрақ­­­ты­­лық­қа қол жеткізу тәрізді стра­те­гиялық бағыттарда жұмыс істейді.

Сонымен қатар университет­тің за­манауи студенттік кампус кеше­нін салу қолға алынады. Оның жобалық қуатына сәйкес жыл сайын IT-саласының түрлі мамандықтары бойынша сапалы жоғары білімді, ағылшын тілін еркін меңгерген 4,5-5 мың маманды даярлау жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев­тың 2019 жылғы қарашада Astana IT университетімен танысу барысында студенттерімізге: «...Білім беру тұрғысынан бұл университет беделді әрі білікті мамандар даярлайтын, беделді оқу орнына айналатынына ешқандай күмәнім жоқ. Неғұрлым жақсы білім алсаңыздар, мына қиын да алмағайып өмірден алар еншілеріңіз соғұрлым көп болады», деген сөзі, бір жағынан, мемлекет жастардан үлкен үміт күтетінін, екінші жағынан, әлемде болып жатқан күрделі геосаяси жағдай ІТ саласына, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша жоғары білікті мамандар даярлау ісіне жоғары талап қойылатынын білдіреді деп санаймыз. Сондықтан университет ұжымы отандық сапалы білім беру мен ғылым саласы міндеттерін жоғары деңгейде, жүйелі орындауға барлық күш-жігерін бағыттайтын болады.

 

Дархан АХМЕД-ЗАКИ,

Astana IT University ректоры,

техника ғылымдарының докторы, профессор