• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Сәуір, 2022

Левандовски «Барселонамен» келісімге келді

163 рет
көрсетілді

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски жазда «Барселонаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Левандовскидің неміс командасымен келісімшарты 2023 жылға дейін жарамды болғанына қарамастан ол «Барселонамен» үш жылдық келісімшарт бойынша келісімге келген. 

Бұған дейін Левандовски «Барселонадан» бөлек ПСЖ, «Манчестер Сити» және «Ливерпульмен» келіссөз жүргізген еді. 

Еске салсақ, Роберт Левандовски «Бавария» сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Transfermarket сайты Польша құрамасының шабуылшысын 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Соңғы жаңалықтар