• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2022

Алматыда тұмау мен ЖРВИ-ға шалдығу азайды

190 рет
көрсетілді

Өткен аптада Алматыда жіті респираторлық вирусты инфекцияның 3099 жағдайы тіркелді, бұл наурыз айының соңымен салыстырғанда 3,76 пайызға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жіті респираторлық вирусты инфекцияны жұқтырғандардың 66,9 пайызы балалар. Ауруханаға барлығы 286 науқас жатқызылды, оның ішінде 11-і жүкті әйел, 89-ы бір жасқа дейінгі нәресте.

«Эпидемиологиялық маусым басталғалы тұмаудың 51 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар қалада респираторлық синцитиальды вирус, аденовирус, риновирус және коронавирус сияқты тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды», деп хабарлады ведомствадан.

2021 жылы жергілікті әкімшіліктің қаражатына ерекше топтағы адамдарды тұмауға қарсы егуге 170 926 доза «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды.

Еске салайық, 15 қыркүйекте басталған тұмауға қарсы вакцинаны 184 мыңнан астам адам алған. Оның ішінде жекеменшік медициналық орталықтарда жұмыс берушілер есебінен 10 260 адам, өз қаражаты есебінен 2 973 адам егілді.