Чили халқы 13 жылдан бері жалғасып келе жатқан құрғақшылық салдарынан суды үнемдеуге мәжбүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған шектеу 6 миллион тұрғыны бар Чили астанасы Сантьяго қаласында қолданылады. Тәртіпке сай су тапшылығынан туындайтын төтенше жағдайдың ауқымын белгілейтін төрт дабыл түрі енгізіледі. Ол сол өңірдегі екі бастауы бар өзен суының деңгейіне байланысты анықталып отырады.
Айта кетейік, соңғы 30 жылда Чилиде судың көлемі 37%-ке азайған.